Түркияда тағы жойқын жер сілкінісі болды

Түркия үкіметінің Табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, 27 сәуір күні кешке елдің оңтүстік-шығысында 4,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерасты дүмпулерінің ошағы 400 мыңдай адам тұратын провинция астанасы Элазигтен 44 шақырым жерде орналасқан Сивриче округінде болды.
«Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:09-да болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 11,3 шақырым тереңдікте болған. Қазіргі уақытта апаттың жағымсыз салдары туралы ешқандай ақпарат жоқ», – деп хабарлады провинция губернаторы Нуман Хатипоглу X әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 27 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:13-те Каспий теңізінің Әзербайжан акваториясында магнитудасы 3,6 балдық жер сілкінісі тіркелген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






