Тұрмысқа шыққан қыз әкесінің атын өзгертсе харам болады – мүфтият
Бірақ, күйеуінің тегін алудың оқасы жоқ дейді имамдар.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі тұрмысқа шыққаннан кейін тегі мен әкесінің атын ауыстыратын қыздарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, тұрмысқа шыққан соң күйеуінің тегін алуға болады, бірақ міндетті емес. Сонымен қатар мүфтият келіншек алған жігіттерге әйелін күштеп тегіне жаздыруына болмайтынын ескертеді.
«Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол» деген аятты алға тартқан кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салады. Ал кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өту ғұрыпта қалыптасқан әрі елге таныту мақсаты болса оқасы жоқ дейді. Тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту – харам. Ал күйеуінің тегіне ауысуының оқасы жоқ, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс емес», - деп жазған мүфтият.
Сіздің реакцияңыз қандай?