«Уаһабиттердің почеркіне келеді»: белгілі әнші құйрық-бауыр асату дәстүрін арабқа теліген Әлия Әшімді сынға алды

Шілде 16, 2025 - 10:19
Шілде 16, 2025 - 11:20
«Уаһабиттердің почеркіне келеді»: белгілі әнші құйрық-бауыр асату дәстүрін арабқа теліген Әлия Әшімді сынға алды

"Абай мен Ділдә  туралы ыңғайсыз қалжыңдаған журналист Әлия Әшім тағы да сынның астында қалды, деп хабарлады sadaq.kz.

Журналист бұл жолы қазақтың ежелден келе жатқан құйрық-бауыр асату дәстүрін арабқа апарып теліген.

"Қазіргілердің ойлап тапқан дүниесі ме деп ойласам, құйрық-бауыр асату әзіреті Әли кезінен сақталған салт екен. Әзірет Әли келін түсіргенде, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, құдаларға малдың етіне бата жасатып, кәделі жілігін түгел асатып, балбырап пісірілілген қойдың құйрығының үстіне бауыр турап араластырып, айран қосып, құдалардың алдына тосады. Ұн жағады беттеріне. "Құда болдық, құйрық-бауыр секілді жақын болайық" деп әзіреті Әли құдалығын дәл осылай кәдемен бекіткен көрінеді. Сол сәттен бастап, бұл салт халық арасына кең тарап, құдалармен құйрық-бауыр жеу деп аталады," - дейді Әлия Әшім.

Әшімнің бұл пікірі де жұрт арасында үлкен қарсылық тудырып жатыр. Жұрт аузына қаратып отырған журналистің пікірінен діни астар іздеп жатыр. Мәселен,  дәстүрлі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай Әлия Әшімнің артында салафилік топтар тұруы мүмкін екенін айтады.

Айтуынша, журналистің аңқаусып айтып отырғаны уаһабиттердің почеркіне келеді.

"Бұл қарындастың артында уахабистік күштер тұр деген сөздердің жаны бар ма деймін? Аңқаусып, білмеген боп яки байқамай айтып қалған боп қалатыны – уаһабиттердің почеркіне келеді. Жалпы, көбінесе, лезде танымал боп үлгеретін осындайлардың артында уаһабилік күштер тұратыны белгілі. 

Биылғы өткен пичингте салафилік жобаларға неге сонша басымдық берілді десем, осыларды дауыс бергізіп алуға шақырған екен ғой. Дауыс бергізіп алған соң коммисия құрамынан лақтыра салады. Бұл "документалисті" де сөйтуі мүмкін. Былтыр комиссия құрамында болған бір педофилді сөйткен.                                               

Қызық, осындай арабкүңдерді тыңдасаң: қазақ ксерокс халық сияқты.Абай туралы айтқанына жастықпен жаңылған шығар деп, ештеңе демеп едім. Мынасы, енді шектен шықты!
 

Ай, уаһабтар-ай, біреудің қолымен от көсеуге шеберсіңдер ғой!  Бірақ, білемін, сендер мұндай риллстерге қымбат төлейсіңдер. Бұл қарындас та ақысын төлесе, боқысын шығаратын боп тұр ғой", - деп жазған әнші өзінің facebook парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow