Балаларына мысықтың етін берген емші науқастарды «Аппақ гүлдер» әнімен «емдеген» (ВИДЕО)

Маусым 12, 2024 - 12:12
Маусым 12, 2024 - 12:22
Балаларына мысықтың етін берген емші науқастарды «Аппақ гүлдер» әнімен «емдеген» (ВИДЕО)

Желіде асырап алған балаларына тамақтың орнына ит-мысықтың еті мен нәжісін беріп, қорлық көрсетті деп айыпталған ақын-сазгер, өзін емші деп санайтын Ұлықбек Смановтың адамдарды Ақбота Керімбекованың «Аппақ гүлдер» әнімен «емдеген» видеосы тарады, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бейнероликтен бір топ адамның тәуіптің ән айтқанына қосылып теңселіп тұрғанын анық аңғаруға болады. Сманов келушілерді қазақша әндерді орындай отырып емдеген тәрізді.

Тағы оқыңыз: Ит-мысық жеген асыранды балалар оқиғасы: бір баланың әжесі Өскеменде тұрады

Желі қолданушылары мұндай адамдарды қатаң жазалау керектігін айтқан.

«Есі кеткендер, айтарға сөз жоқ», «Маған алдағандардан гөрі алданғандар жағымсыз», «Біздің қоғам тұтас театр», «Ел-елді аралап тексеріп, осындай алаяқтарды қамау керек», «Айтарға сөз жоқ. Мына адамдардың миын айналдырып тастаған ғой. Дені дұрыс адамның ісі емес қой», - деп жазып жатыр көпшілік.

Еске салайық, шымкенттік Ұлықбек Сманов таяуда ұсталған еді. Ол қамқорлығына алған балалардың ең үлкені 16 жаста болса, кішісі 3 жаста. Сманов «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғар қаласының психикалық ауруханасында жатыр. Ал жауыздықтан жапа шеккен ересек екі бала бейімделу орталығына, тағы төртеуі балалар үйіне бағытталған. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, қазір іс сотқа жолданды. 18 маусымда сот жабық түрде өтетіні хабарланды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow