Вашингтон орталығында Трамп пен Эпштейннің «Титаник» стиліндегі мүсіні пайда болды (ФОТО)

Наурыз 12, 2026 - 13:19
app_badging Наурыз 12, 2026 - 13:56
chat_bubble  0 visibility  21
Вашингтон орталығында Трамп пен Эпштейннің «Титаник» стиліндегі мүсіні пайда болды (ФОТО)

Сейсенбі, 10 наурыз күні Вашингтонның қақ ортасында, АҚШ Капитолийінің жанында Дональд Трамп пен даулы қаржыгер Джеффри Эпштейн бейнеленген кезекті сатиралық ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Биіктігі шамамен 12 фут (3,6 м) болатын алтын түске боялған мүсін АҚШ астанасы Вашингтондағы National Mall аллеясында пайда болды. Онда АҚШ-тың президенті мен атышулы қаржыгер «Титаник» фильміндегі басты кейіпкерлердің кеме тұмсығындағы әйгілі көрінісін қайталап тұр. Мүсіннің атауы мен ондағы жазба фильмдегі басты кейіпкердің «I’m the king of the world!» атты атақты сөзіне негізделген. Оның жанында Трамп пен Эпштейннің бірге түскен фотосуреттері мен «Make America Safe Again» деген жазумен баннерлер ілінген.  

Бұл туынды – «Secret Handshake» атты анонимді белсенділер тобының кезекті наразылық акциясы. Мүсіншілердің айтуынша, бұл композиция Трамп пен Эпштейннің арасындағы бұрынғы достық қарым-қатынасты сатиралық тұрғыда көрсетуге бағытталған. Мүсіннің төменгі жағындағы тақтайшада олардың «сәнді саяхаттары мен құпия кештері» туралы мысқыл аралас жазба қалдырылған.

Оқиға әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды: біреулер мұны шебер жасалған саяси карикатура десе, енді біреулер мемлекеттік маңызы бар алаңда мұндай бейнелердің тұрғанын орынсыз деп санауда.

Айта кететін жайт, бұл мүсін Ұлттық саябақ қызметінің ресми рұқсатымен қойылған. Алайда, келісім бойынша ол алаңда тек 13 наурызға дейін ғана тұрады. Осыдан кейін инсталляция бөлшектеліп, басқа жерге көшіріледі немесе авторларына қайтарылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0