Венесуэла тек Америка тауарын сатып алады - Трамп

Қаңтар 8, 2026 - 09:36
 0  1
Венесуэла тек Америка тауарын сатып алады - Трамп
Фото: tdsecurities.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Каракас арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа мұнай келісімі аясында Венесуэла түскен қаражатты негізінен америкалық тауарларды сатып алуға бағыттамақ.

Атап айтқанда, әңгіме АҚШ-та өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, сондай-ақ Венесуэланың электр желісі мен энергетика саласын жаңғыртуға арналған техникалар туралы болып отыр. Дональд Трамптың сөзінше, бұл келісім Венесуэланы АҚШ-пен негізгі экономикалық серіктес ретінде жұмыс істеуге міндеттейді.

«Бұл — Венесуэла мен АҚШ халқы үшін дұрыс әрі тиімді шешім. Бұл мәселеге назар аударғандарыңыз үшін алғыс айтамын», — деп жазды АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0