ҰҚК 200 келі жарылғыш зат тәркіледі

Мамыр 16, 2025 - 15:43
 0  56
ҰҚК 200 келі жарылғыш зат тәркіледі

Ақмола облысында прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесілді, - деп хабарлайды  ҰҚК Баспасөз қызметі.

Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 келі аммиак селитрасы (60 келі тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленген.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0