Ұландық сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Қаңтар 19, 2026 - 10:45
 0  15
Ұландық сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс  жасады
Фото: Ұлттық Ұлан

Астанадағы 5573 әскери бөлімінде өткен ант қабылдау рәсімінде қатардағы жауынгер  Алмас Абдрахов сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол Отанға адал қызмет етуге ант беріп қана қоймай, дәл сол салтанатты жиында сүйіктісіне де серт берді. Қуанышты сәтке әскери бөлімнің жеке құрамы, 3000-ға жуық ата-ана мен сарбаздардың туыстары куә болды.

– Әскери ант – жай ғана сөз емес, ол Отанға, халыққа, ата-анаға деген адалдықтың айқын көрінісі. Сіздер артылған сенімді ақтап, Ұлттық ұлан жауынгеріне лайықты қызмет атқарады деген үміттемін, – деді  әскери бөлім командирі Жандар Әшірбеков.

Айта кетейік, рәсім соңында жеке құрам сап түзеп, әскери техникалардың қатысуымен шеру өтті. Бірақ бұл күннің ең есте қалар көрінісі – жас сарбаздың ғашығына жасаған ұсынысы болды. Осылайша, жауынгерлер ант берген алаңда жас отбасының да іргетасы қаланды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0