Үндістандағы ұшақтың не себепті құлағаны белгілі болды (ВИДЕО)

Маусым 16, 2025 - 12:29
Үндістандағы ұшақтың не себепті құлағаны белгілі болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Air India әуе компаниясының Boeing 787 ұшағының не себепті  апатқа ұшырағаны белгілі болды. Жаңа сенсациялық бейнежазба апаттың себебі ретінде ұшақтың электрмен жабдықталуының істен шығуын дәлелдеп берген, деп хабарлайды sadaq.kz.

Азаматтық әуе компаниясының ұшқышы, апаттар мен қауіпті жағдайларды зерттейтін сарапшы Стив Шрайбер жаңа және айқынырақ бейнежазбада апатқа ұшыраған ұшақтың екі қозғалтқышы да істен шыққанын, содан кейін ұшақ апатқа ұшырағанын айтты.

Бұл оқиға Үндістан тарихындағы ең ауыр әуе апаттарының біріне айналды. Лондонға бағыт алған 787 Dreamliner ұшағы ұшып шыққаннан кейін бірнеше минут ішінде биіктігін жоғалтып, Гуджарат штатының Ахмадабад қаласындағы тұрғын ауданның үстінде жарылып кетті.

Ұшақтағы 242 жолаушының 241-і көз жұмды, аман қалған тек бір адам.

Сонымен қатар, жердегі  38 адам ұшақ тұрғын үйлерге соғылғанда қаза тапты.

Бастапқыда интернетте Captain Steeeve лақап атымен танымал Шрайбер апатқа екінші ұшқыштың шассиді ерте жинап қоюына байланысты қарапайым қателік себеп болды деп болжаған. Алайда кейінірек пайда болған сапалы әрі толық бейнематериал оның бұл болжамын өзгерткен.

Жаңа бейнежазбада бейне мен дыбыс сапасы жоғары, және Шрайбердің айтуынша, екі қозғалтқыштың істен шығуы ұшақтың апатқа ұшырауына негізгі себеп болғанын дәлелдейді.

26 жылдық ұшу тәжірибесі бар, соның ішінде 11 жыл капитан болған, 60-тан астам түрлі ұшақта ұшқан 63 жастағы Шрайбердің айтуынша, жаңа бейнежазбада көрінетін кішкене бір деталь – бүкіл оқиғаның мағынасын өзгертеді.

YouTube-арнасында (Captain Steeeve) ол былай деп түсіндірді:

«Ұшақтың оң жақ қанатының астынан кішкентай шығынды — «құрсақтағы дөңесті» көрдім. Оның астында «кішкентай сұр нүкте» бар.

Бұл нүкте ұшақтағы Ram Air Turbine (RAT) — авариялық турбина жүйесінің іске қосылғанын білдіреді», — дейді ол.

«Ол көптеген ұшақтарда бар», — деді Шрайбер.

«Ол ұшақтың оң жағындағы қанаттан сәл кейін орналасқан. Оны арнайы есік жапқыш жауып тұрады.

Сырт келбеті — кішкентай екі қалақты мотор сияқты. Мақсаты – шұғыл жағдайда ұшаққа электр қуаты мен гидравликалық қысым беру».

Шрайбердің айтуынша, 787 ұшағында RAT жүйесі үш жағдайда автоматты түрде іске қосылады:

  1. Электр жүйесінің ауқымды істен шығуы,
  2. Гидравликалық жүйенің істен шығуы,
  3. Екі қозғалтқыштың да тоқтап қалуы.

«Осы үш себептің кез келгені RAT-ты іске қосады», — дейді сарапшы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow