Үш адам қаза тапты: Абай облысында қайғылы жағдай болды

Қараша 3, 2025 - 14:25
 0  23
Үш адам қаза тапты: Абай облысында қайғылы жағдай болды
фото: әлеуметтік желіден

Абай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының учаскесінде болған.

«Toyota Avensis пен Howa көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Avensis жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.Түрлі дәрежеде дене жарақатын алған бір адам ауыр халде Семейдегі ауруханада жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0