«Үш баласы бар, әйелі ауырады»: Қазақстаннан АҚШ-қа барған екі жігіт 35 келі кокаинмен қолға түсті

Олардың туыстары бұл фактіге сенбейді

Қазан 20, 2025 - 16:04
Қазан 20, 2025 - 17:53
«Үш баласы бар, әйелі ауырады»: Қазақстаннан АҚШ-қа барған екі жігіт 35 келі кокаинмен қолға түсті
Фото: facebook.com/sheriffchamberstx

АҚШ-тағы Техас штатының Чемберс округінде екі ер адам есірткі тасымалдады деген күдікпен қолға түскен: алдын ала мәлімет бойынша олар Қазақстаннан АҚШ-қа барған екі жігіт, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .

Чемберс округі шерифі кеңсесінің мәліметінше, 2025 жылы 27 қыркүйек күні арнайы тергеу бөлімшесі Есірткімен күрес басқармасымен бірлесіп, I-10 автомагистралінде көліктерді тоқтатып, тексерген. Сондай көліктердің біріне келгенде ит үріген. Полиция тексере келе, 35 келі кокаин тапқан.

Күдіктілердің аты-жөні – Нұрсұлтан Мұқтарәли (Нью-Йорк) және Мұхит Дәнібеков (Пенсильвания). Екеуіне де есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау айыбы тағылып отыр. Бұл – бірінші дәрежелі ауыр қылмыс саналады. Ер адамдар Чемберс округінің түрмесіне қамалған.

Мұхит Дәнібековтің ағасы Жомарт Дәнібеков болса інісінің Америкаға нәпақа табуға барғанын және олар тек алыс сапарларға жүк таситынын ғана айтқан. Яғни, күдіктілер жүк көлігінің ішінде есірткі барын білмеген, дейді туыстары.

Қазір оларды сотқа дейін босату үшін 200 мың доллар көлемінде кепіл қою керек. Жомарт Дәнібеков халықтан көмек сұраған. Жомарттың айтуынша, інісі Мұхиттің үш баласы бар, әйелі науқас. Ол адал еңбек етуге келген.

Редакция осы іске қатысты Сыртқы істер минстрлігіне сұрау жолдады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow