«Ұшақ сатып алғанша, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз етпедің бе, Ким мырза» - Сайыров

Ақпан 18, 2025 - 15:48
Ақпан 18, 2025 - 15:49
«Ұшақ сатып алғанша, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз етпедің бе, Ким мырза» - Сайыров
Әшкере

"Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жомарт" кенішіндегі апаттан 7 шахтер қаза тапты, оларды құтқару мүмкін болмады. Марқұмдардың денесі үйінді астынан табылып, 1500 метрден жер бетіне шығарылды. Полиция мәйіттерді сот-медициналық сараптамаға тапсырды.

Алдын ала дерек бойынша, төтенше жағдайға табиғи газдың жарылысы себеп болып, жер опырылған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

"Жомарт" кеніші Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Онда мыс сульфиді өндіріледі. 

"Қазақмысқа" миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огай иелік етеді. Forbes Кимнің байлығын 3,6 млрд долларға бағалаған. 

Өз кезегінде депутат Ерлан Сайыров түнеукүні су жаңа ұшақ сатып алған компания акционерлерін сынға алды. 

"Қазақмыс" ұшақ сатып алғанша, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз етпей ме? Олигархтар Қазақстанның орны толмайтын ресурстарын эксплуатация жасап жатыр. Олардың біздің халқымыздың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі жоғары болуы керек", - дейді Сайыров. 

Айта кетейік, жуырда "Қазақмыс" компаниясы бизнес-джет сатып алды деген жаңалық тараған. Кей ақпарат көздері корпорацияның ұшақты экс-президент Назарбаевқа сыйға тартқанын жазған еді.

Дереккөз: ">Әшкере телеграмм арнасы 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow