«Үйлеріңе жапсыра бергенше...»: Мақпал Жүнісова «Музарт» тобының жігіттеріне ескерту жасады
Халық әртісі Мақпал Жүнісова халықтың ықыласына бөленген «Музарт» тобының тозығы жеткен студиясын сынады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Өнер иесі «Музарт» тобына тиесілі ән жазу студиясының тозғанын айтты.
«Құрметті, Мейрамбек, Кенжебек, Сәкен! Мына ән жазатын студияларыңызды жөндеп қойсаңдар қайтеді?! Ұят емес пе?! Келе жатып, баспалдақтан құлап кете жаздадым. Қабырғалары шұрқ-тесік, тозығы жетіп тұр. Ауа да жоқ. Өздерің осындай үйде тұрмас едіңдер! Үйлеріңе жапсыра бергенше, бір уақыт студияға да көңіл бөліңіздер! Қаншама әншілер келіп, ән жазады. Адамдарға құрмет болуы керек?! Мен жазып кеттім, бірақ студия үшін қатты ұялып тұрмын», – деді халық әртісі.
Сіздің реакцияңыз қандай?