З0 градус суық: Қазгидромет ел тұрғындарына ескерту жасады

Желтоқсан 8, 2025 - 09:37
 0  13
З0 градус суық: Қазгидромет ел тұрғындарына ескерту жасады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Солтүстік және орталық өңірлер (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау) Бұл аймақтарда қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман жиі байқалады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кейбір аудандарда 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-10°, кей жерлерде -13° дейін төмендейді. Түнде -20…-28°, күндіз -15…-25°, солтүстігінде -30° дейін. Кей аймақтарда қар қалың түсіп, бұрқасын сіреседі.

Шығыс өңірлер (ШҚО, Абай)

Шығыста қар, бұрқасын, көктайғақ, түнде кей аудандарда қатты қар күтіледі. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде -8…-13°, күндіз -2…-6°.

Оңтүстік өңірлер (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда)

Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қалың қар, көктайғақ және қатты жауын-шашын күтіледі. Жел 9-14 м/с, таулы аудандарда 15-20 м/с. Температура түнде -2…+3°, таулы өңірлерде -6…-11°, күндіз 0…+8°.

Батыс өңірлер (БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе)

Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз, бірақ тұман түседі. Жел 9-14 м/с, 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -1…-5°, күндіз -2…+3°. Ақтөбе облысында қар мен бұрқасын байқалады, аяз болады, -13…-23° дейін күшейеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0