«Жүрегімді тіліп өтті»: Дина Төлепберген жанына батқан жағдайды айтты

Тележүргізуші Ақтаудағы өз-өзіне қол жұмсаған бойжеткен туралы пікір білдірді.

Қаңтар 10, 2025 - 09:11
«Жүрегімді тіліп өтті»: Дина Төлепберген жанына батқан жағдайды айтты
фото: әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген Ақтаудағы тұрмыс құрмаған қыздың өлімге алып келген жағдайына қапалы, деп хабарлады turkystan.kz.

Фитнес - жаттықтырушы қызды бір топ жігіт зорлап, сол жерде атына несие рәсімдеткен. Болған оқиғаны біреуге айтса «өлтіретінін» ескерткен. Кейін бойжеткен терезеден секіріп, мерт болған. Жазықсыз мерт болған қыздың туыстары сот шешіміне келіспей әділ шешім күтіп жүр. Оқиғаға байланысты Дина Төлепберген әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

«Соңғы оқиға жүрегімді тіліп өтті. Мен әділетсіздікке үнсіз қарай алмаймын. Әр әйел өмір сүруге, бақытты болуға, құрмет пен қорғауға лайықты. Марқұм қыздың басынан өткен сұмдықтар мен әділдікке жету жолындағы күресі бізге сабақ болуы тиіс. Қоғамда зорлық-зомбылыққа орын жоқ екенін дәлелдеу – әрқайсымыздың міндетіміз. Әділдік орнауы керек. Жәбірленушінің отбасын қолдайық, бұл олардың ғана емес, бәріміздің күресіміз. Біз бірге әрекет еткенде ғана өзгеріс жасай аламыз», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow