Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы қаза тапты

Жамбыл облысында №47 орта мектептің 9-сынып оқушысы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім сыныптасымен жанжалдан кейін мектеп әжетханасында есінен танып қалған, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оқиға кезінде бір оқушы екіншісінің күнқағар тұсына соққы жасаған. Жасөспірім көп ұзамай есінен айырылып, мұғалімдер мен балалар жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлағандай, бұл жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда адам өліміне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, осы демалыс күндері Жамбыл облысында тағы бір қайғылы жағдай тіркелген еді. 15 жастағы жасөспірім үлкен сынып оқушыларымен төбелес кезінде жүрек тұсынан соққы алып, есінен танып, кейін көз жұмған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






