Жамбыл облысында қарауыл бастығына оқ тиіп, көз жұмды

Наурыз 16, 2026 - 14:51
chat_bubble  0 visibility  1
Жамбыл облысында қарауыл бастығына оқ тиіп, көз жұмды
Фото: Kazinform

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығының оқ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, әскери бөлімнің қарауыл бастығына оның қарамағындағы қызметкері абайсызда оқ атқан. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкері қаза тапқан дерегін растады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен іс-жүргізу шараларының кешенді нәтижелері бойынша анықталады, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0