Жамбыл облысында қайтыс болды деп танылған әйел бір айдан соң үйіне оралды
Жамбыл облысында қайтыс болды ден танылған әйел бір айдан кейін үйіне оралған, деп хабарлайды Sadaq.kz Жамбыл облыстық соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында 70 жастан асқан әйел 2024 жылғы тамызда Таразға әпкесінің үйіне көшіп барған. 2025 жылы Құрбан айт мерекесінен кейін ол жоғалып кеткен.
Анасының әпкесі полицияға жүгінген. 2025 жылғы тамызда ауыл маңындағы даладан адам денесі табылып, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Табылған денені қызы жоғалған анасының денесі деп таныған, соның негізінде өлім туралы акт жазбасы тіркеліп, өлім туралы куәлік берілген. Бір айдан кейін 2025 жылғы қыркүйекте, қыздың анасы тосыннан Жамбыл ауданының Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне келген.
Талапкер анасының құқықтық мәртебесін қалпына келтіру үшін өлім туралы жазбаны жарамсыз деп тану жөнінде сотқа талап арыз берген.
Белгілі болғандай, әйел Құрбан айттан кейін Айша бибі ауылына кетіп, пияз теру жұмысына кірген, сондағы үйде тұрған. Кейін зейнетақы төлемдері тоқтаған соң, Таразға келіп, өзінің "қайтыс болғанын" білген. Талапкер анасының туыстарға немесе басқа жерлерге ұзақ уақытқа кетіп қалатын әдеті болғанын айтқан.
Жамбыл аудандық соты табылған мәйіттің бөтен адамға тиесілі екенін анықтаған. Полиция эксгумация жүргізіп, қайта сот-медициналық және генетикалық сараптама тағайындаған, оның нәтижесінде марқұмның нақты кім екені анықталған.
Өлім дерегі бойынша қылмыстық іс тоқтатылған. Сот шешімімен талапкердің арызы қанағаттандырылды: өлім туралы куәлік жарамсыз деп танылып, өлім туралы акт жазбасы күшін жойды. Шешім заңды күшіне енді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
1
Қайғылы
0
Жарайсың
0