Жамбыл облысында соққыға жығылған оқушы ажал құшты

Қыркүйек 13, 2025 - 20:03
Жамбыл облысында соққыға жығылған оқушы ажал құшты
Көрнекі фото: freepik.com

Жамбыл облысында оқушы соққыға жығылып, ауыр жарақат алды. Ол үйіне жеткізілгенімен, жедел жәрдем келгенше қаза тапты, деп жазды Kazinform агенттігінің өңірдегі меншікті тілшісі.

Қайғылы жағдай Шу ауданының Көккайнар ауылында болған. 

Агенттік мәліметінше, футбол матчынан кейін жеңілгенін мойындағысы келмеген үш жоғары сынып оқушысы дүкен артында кіші сынып оқушыларын жинап, оларды аяусыз соққыға жыққан.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 2007 жылғы жасөспірім 2010 жылғы баланың кеуде тұсына соққы жасаған. Соққы алған жасөспірім есінен танып қалған.

Жасөспірімнің соққыға жығылығанын анасына дүкен сатушысы хабарлаған. Үйіне жеткізілген бала жағдайы нашарлап, құсып, демала алмайтынын айтқан.

Өкінішке қарай, дәрігерлер көмек көрсетіп үлгермеді. Жасөспірім қаза тапты. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру нәтижесінде 16 және 17 жастағы екі күдікті ұсталды. Іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр, деп сендірді полиция департаменті өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow