Жамбыл облысындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды (ВИДЕО)
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаз ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдымен әлеуметтік желіде оның әпкесінің үндеуі тараған. Айтуынша, 2025 жылдың 28 мамырында әскерге шақырылған жігітті демобилизацияға төрт ай қалғанда үш сержант соққыға жыққан, тағы біреуі темір затпен ұрған. Соның салдарынан сарбаздың жағы мен мұрны сынып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.
Туыстарының сөзінше, ол Алматыдағы азаматтық ауруханаға түсіп, екі рет ота жасалған, бетіне металл конструкциялар орнатылған. Алайда кейін сарбаздың тиісті медициналық бақылаусыз уақытша қараусыз қалғаны айтылады. Жақындары оны пәтерден тауып алып, қайта тексерістен өткізгенде асқынулар анықталған. Осыдан кейін сарбаз әскери госпитальға жіберілген.
Бас әскери полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, материалдар ЕРДР-ге тіркелгенін хабарлады. Қазір зардап шеккен сарбаз ауруханада, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Тергеу аясында барлық қатысы бар тұлғалар мен әскери бөлім басшылығының әрекетіне құқықтық баға берілмек. Тергеу кезеңінде бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен шеттетілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0