Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтірді

Қаңтар 29, 2026 - 11:08
 0  17
Жаңаөзенде  ер адам дәрігерді пышақтап өлтірді
Фото: pixabay.com

28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласындағы ауруханада дәрігер-терапевтке пышақпен шабуыл жасалып,  29 жастағы дәрігер көз жұмды,  деп хабарлайды Sadaq.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, олардың арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық сипатта туындаған. Оқиғадан кейін күдікті полицияға өз еркімен келіп, жасаған қылмысын мойындаған. 

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде" , – деді полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0