Жас мамандарға ең көп айлық ұсынатын өңір белгілі болды

«Атамекен» ұттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов ЖОО түлектеріне ең жоғары жалақы ұсынатын өңірлерді атады.

Қаңтар 30, 2024 - 15:41
Жас мамандарға ең көп айлық ұсынатын өңір белгілі болды

«Өңірлік талдау барысында түлектердің жалақы деңгейін, жұмысқа орналасуын және жұмыс іздеуге кететін уақытын ескере отырып, әр өңір бойынша олардың орташа көрсеткіштерін бағаладық. Нәтижесінде ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі Алматы облысы (91%) түлектерінде, ал ең төмен жұмысқа орналасу деңгейі Жамбыл облысы түлектерінде (74%) анықталды», - деді палата өкілі.

Сондай-ақ, ол ЖОО-ны жаңа бітірген түлектерге 180 мың теңгеден жоғары айлық ұсынатын өңірлерді атады.

«Жоғары жалақы болса (180 мың теңгеден астам) Ұлытау облысы (336 679 теңге), Қостанай облысы (183 741 теңге), Павлодар облысы (193 081 теңге), Шығыс Қазақстан облысы (181 922 теңге), Атырау облысы (191 786 теңге), Алматы облысы (227 458 теңге) және Алматы қаласы (186 038 теңге) түлектерінде тіркелді», - деді Азамат Бейсенбенов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow