Жас-жұбайларға ата-ана болу үшін арнайы курстан өту міндеттелуі мүмкін

Наурыз 4, 2025 - 14:32
Жас-жұбайларға ата-ана болу үшін арнайы курстан өту міндеттелуі мүмкін
фото: baq.kz

Қазақстанда ата-аналарды оқыту жүйесін заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Редакцияның ресми сауалына берген жауабында Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда ата-аналарға міндетті оқыту курстарын енгізу мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын.

Қаулы жобасының 23-2 тармағында ата-аналардың "Ата-ана мектебі" курстарынан міндетті түрде өтуін заңнамалық деңгейде бекіту ұсынысы енгізілді. Бұл талап келесі жағдайларда қарастырылады:

 - Некеге тұру.

  • Жүктілік және босануға дайындық.
  • 3 жасқа дейінгі балаларды бақылау. 
  •  Балаларды балабақшаға немесе мектепке қабылдау.

Оқыту курстары отбасыны қолдау орталықтары, жастар денсаулығы орталықтары және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында ұйымдастырылады, - делінген министрліктің ресми жауабында.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта бұл мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен талқыланып, егжей-тегжейлі пысықталады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow