«Жасырмаймын, қатты өкіндім»: Қайрат Нұртас әсерлі жазба жариялады
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас желіде әсерлі жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жариялап, оның астына әсерлі жазба қалдырды. Бейнежазбада ақ түсті образ киген әншінің қолында микрофон ұстап тұрғанын көруге болады. Қайрат Нұртас аталмыш видеодан кейін көпшілікті жазбасымен ойландырып қойды. Ол бүгінде өзін ренжіткен жандардың бәрін кешіргенін алға тартқан.
"Келмесе де өткен іске өкінгім, жасырмаймын, кейде қатты өкіндім. Өкпелеткен жанның бәрін сол сәтте, жүрек тыныш болуы үшін кешірдім", - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.
Желідегілер бұл жазбаға қатысты түрлі пікір білдірді.
"Сен жүрген жолмен еңбекқор,өнерді жан тәнімен сүйетін жан ғана жүре алады. Өнер жолы – ауыр жол", "Қайрат сонда да мықты", "Әрбір жігіт өзіңдей болсын", "Қайраош, тек қана алға", "Сенің кешірімді жігіт екеніңді бүкіл ел біледі", "Дұрыс айтасың, кешірімді болу керек", "Бұл сөздер кімдерге арналған екен", - деп жазуда оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?