Жасөспірім үйінен 2,5 млн теңге алып, «жаңа өмір» бастау үшін Астанаға қашқан

Қазан 16, 2025 - 16:41
Қазан 16, 2025 - 16:42
Жасөспірім үйінен 2,5 млн теңге алып, «жаңа өмір» бастау үшін Астанаға қашқан
Фото: Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Қостанайда 15 жастағы жасөспірім үйінен 2,5 миллион теңге алып қашып кеткен. Ол Астанаға "жаңа өмір" бастау үшін жолға шыққан, алайда полицейлер оны "Екатеринбург – Алматы" тас жолында ұстады. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жасөспірім үйінен танысына кітап апарып беремін деп шығып, кейін қайтып оралмаған. Ол туыстарымен байланысқа шықпаған, ал отбасы өз бетінше іздегенімен нәтиже болмаған.

Бала туралы хабар жоғалған сәттен бастап көрші облыстарға, соның ішінде Ақмола облысына да жолданған.

Түнгі сағат үштер шамасында "Екатеринбург – Алматы" тасжолында ақмолалық патрульдік полицейлер бір көлікті тоқтатқан.

Салонда отырған жолаушылардың арасында іздестіріліп жатқан балаға ұқсайтын жасөспірім болған. Көлік жүргізушісінің айтуынша, ол Астанаға дейінгі жолға тапсырыс берген.

Сөйлесу кезінде қостанайлық жасөспірім үйінен өз еркімен кеткенін және өзімен бірге 2,5 миллион теңге – отбасының жинаған қаржысын алғанын мойындаған. Оның сөзінше, ол астанада тұратын досының жанына барып, ата-анасымен жанжал мен мектептегі қиындықтардан алшақ "жаңа өмір бастағысы" келген.

Ол шаршағандай көрінді, бірақ сабырлы болды. Шешімді эмоциямен қабылдағаны байқалды, - деді полицейлер.

Қазір бала уақытша Астрахан ауданының полиция бөліміне жеткізіліп, әрі қарай ата-анасына табысталмақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow