«Жауап беруге дайынмын»: Абзал Құспан қоғамды дүрліктірген пікіріне қатысты мәлімдеме жасады
Бұған дейін ол Youtube арналардың біріне берген сұхбатында тоқал алуды заңдастыру қажет екенін айтқан еді.
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қоғамды дүрліктірген пікіріне яғни «Тоқал алуды заңдастыру қажет» деген сөзіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, депутат бұл жерде елді дүрліктіру мақсатын көздемеген. Тек журналистің сұрағына жауап берген.
Сондай-ақ ол әрі ол ерте ме, кеш пе бұл мәселе ашыққа шығып, заңдық тұрғыда реттеуді талап ететінін атап өткен.
«Қазақстаннан тыс жерде жүргендігіме байланысты журналист Ербол Сейілханға берген тосын жауабыма кеңірек түсінік беруге қазір мүмкіндігім жоқ. Елге оралған соң айтқан әр сөзім үшін толық жауап беруге дайынмын. Атап айтарым:
1. Бұл жағдайды желеу етіп, елді дүрліктіру, не қоғам назарын басқа мәселеден бұру - менің мақсатым емес. Бұл - журналистің тікелей қойған сұрағына берген жауабым ғана.
2. Мәжілісте бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ, және мен сұхбат барысында да оны атап өттім. Депутат ретінде бұл тақырыпты Мәжіліс мінберіне шығару жоспарымда да, ниетімде де жоқ!
3. Бірақ бұл Қазақстанда тоқалдар мен «бастардтар» мәселесі жоқ деген сөз емес. Қоғамдық проблема бар, әрі ол ерте ме, кеш пе, заңдық тұрғыда реттеуді талап етеді» , -дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa.
Бұған дейін Youtube арналардың біріне берген сұхбатында тоқал алуды заңдастыру қажет екенін айтқан еді.
«Тоқал алуға мен қарсы болды екен деп, сіз қарсы болды екен деп, заңды тыйым бар екен деп тоқтап жатқан адам жоқ. Сондықтан бұны заңдастыру керек деп есептеймін. Тоқалдықты заңдастыру қажет, заңмен реттеу қажет. Әуелі қоғамның талқысына салу керек, одан кейін біздер заңгерлер оның механизмін, жүйесін шығарамыз, келтіреміз. Бізде әйел құқығын қорғаушылар көп. Дәл осы мәселеге келген кезде олардың позициясы өзгере шығады. Содан-ақ олардың артында тұрған топтардың батыстық құқық ұйымдармен байланысты екенін сезіп қоямын. Ол салада көп жүрдім. Олардың мәлімдесінен-ақ, желдің қай жақтан соғып тұрған сезіп отырамын», - деді депутат.
Сіздің реакцияңыз қандай?