«Жауапқа тартылады»: Ләйлә Сұлтанқызы Алмас Кішкенбаев туралы ойын айтты
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жасөспірімге тиісті деп айыпталған әнші Алмас Кішкенбаев туралы жазба жариялады, деп жазады sadaq.kz.
"Алмас туралы… Шыққан жерін білетіндіктен, анасын, алған тәрбиесін көргендіктен өз басым жамандыққа қимаймын. Рас болса қашып кетпесі анық, жауапқа тартылады. Өтірік, жала жабылған болса 17 жасар бала, әке-шешесімен бірге кешірім сұрап, істі жаба сала ма? Айрандай төгілген Алмастың абыройы ше", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Естеріңізге сала кетейік, жұмаға қараған түні 39 жастағы ер адам полицияға жеткізілді. Кәмелетке толмаған курьердің әкесі азаматтың үстінен шағымданған. Нәтижесінде Алмас Кішкенбаевтың әрекеті ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзды деп танылды. Жеке тұлғаларды қорлау және басқа да осындай әрекеттер үшін Кішкенбаевқа 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Сот отырысы 3 ақпанға белгіленді.
Сіздің реакцияңыз қандай?