Жайық өзенінің суы күннен күнге көбейіп келеді
Өзен суы қауіпті деңгейден 12 см асып тұр деген сөз.
Атыраудағы жағдай әлі де күрделі. Облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, Жайық өзенінің суы күннен күнге көбейіп келеді. Су тасқыны басталғалы бері 227 сантиметрге көтерліген, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 23 сәуір сағат 8-дегі жағдай:
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 587 см., деңгейдің +5 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 364 см құрайды.
Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 710 см., деңгейдің + 4 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 393 см құрайды.
Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 418 см., тәулігіне + 6 см. Деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см. құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
23 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 252 м3/с құрайды», - делінген Облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.
Жалпы Батыс Қазақстан облысында қауіп әлі сейілген жоқ. Massaget.kz сайтының жазуынша, қазіргі уақытта Орал қаласының гидробекетінде Жайық өзені 862 см құрап отыр. Қауіпті деңгей 850 см, яғни қауіпті деңгейден 12 см асып тұр деген сөз.
Орал қаласында 116 саяжайды су басқан. Жалпы су тасқыны салдарынан 6 ауданда және Орал қаласында 1 292 тұрғын үй су астында қалған.
Жалпы алғанда облыс бойынша13 044 үйді су алған.
Сіздің реакцияңыз қандай?