«Жыныс мүшесін ұстап сауап жинау»: Медреседе дәріс алған келіншек ондағы сұмдықты жайып салды (ВИДЕО)
TikTok желісінде хиджабын шешіп, дінге қатысты көзқарасын ашық білдірген қазақстандық Фатима Байбақтының мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түсті. 9 баланың анасы «Майын тамызып» подкастында медресе қабырғасында болған жаға ұстатарлық оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Фатиманың айтуынша, ол ұзақ жылдар бойы психологиялық және физикалық қысым көрген ортада өмір сүрген. Алайда оның дінге деген көзқарасының өзгеруіне жастайынан көрген әділетсіздіктер себеп болған.
Блогердің айтуынша, оқиға оның небәрі 18 жасында болған. Медреседе дәріс беретін, ел сыйлайтын жасы келген ұстаздың әрекеті жас қыздың сенімін түбегейлі шайқалтқан.
«Ол кезде 70-тен асқан қарт ұстаз еді. Бір күні мені бөлмесіне шақырып алды. Мен оны ұстаз ретінде қатты сыйлайтынмын. Бардым. Сөйлесіп отырғанда маған: «Сен қандай жолмен сауап жинауға болатынын білесің бе?» деп сұрақ қойды», — дейді Фатима.
Кейіннен ұстаздың айтқан жауабы жас қызды есеңгіретіп тастаған. Ақсақал әйел адамға еркектің жыныс мүшесін ұстау арқылы «мол сауапқа» кенелуге болатынын айтып, түрлі сандарды мысалға келтірген.
«Мен қатты таңғалдым. Сол сәтте менің көзім ашылды. Діни ортадағы адамдардың бәрі бірдей періште емес екенін түсіндім», — деп еске алады ол.
Фатима Байбақты тек діни көзқарасымен ғана емес, жеке өміріндегі өзгерістермен дe бөлісті. Ол жылдар бойы бақытсыз некеде болып, жолдасынан қорлық көргенін жасырмады. Биыл ол түбегейлі шешім қабылдап, ажырасқан.
Қазіргі таңда жалғызбасты ана 9 баласымен бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрады. Қиындықтарға қарамастан, ол 30 келі салмақ тастап, өмірін жаңа парақтан бастауға күш салып жүр.
@halyk_partiyasy Майын тамызып подкастында Фатиманың күрес пен өзгеріс жолы. Жіберіп алмаңыз. ♬ оригинальный звук - Халық партиясы
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0