«Жүрегімізге ауыр тиді»: Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевке қолдау білдірді

Қаңтар 28, 2025 - 15:20
«Жүрегімізге ауыр тиді»: Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевке қолдау білдірді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Қаңтар оқиғасына қатысып, 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевке қолдау білдірді. Бұл туралы   Altyn-orda.kz хабарлайды.

Ақынның күйеуі Нұржан Иманәлиев – істі болған Арман Жұмагелдиевтің сенімді серігі.

“Бүгін Арман бауырымызға және оның жанындағы бауырларымызға қатысты қатаң үкім шықты. Бұл жүрегімізге ауыр тисе де, біз мұсылман ретінде Алла Тағаланың сынақтарына сабыр етіп, әр нәрсенің хикметін түсінуге тырысамыз. Алла Тағала жүрегімізге сабыр беріп, бұл қиыншылықты жеңуге күш-қуат нәсіп етсін! Сабыр – мұсылманның ең әсем қасиеттерінің бірі. Арман бауырымыз бен оның отбасына бұл сынақ үлкен емтихан екені сөзсіз. Бірақ әр қиындықтың артында жеңілдік бар екенін ұмытпайық. Бұл сәтте біз бауырларымызға қолдау көрсетіп қана қоймай, дұғада болуымыз керек. Алла Тағала барлығымызға сабыр мен иман берсін, бұл сынақтың ақырын жақсылыққа айналдырсын. Арман бауырымыз бен оның отбасына Алланың мейірімі жауып, жүректеріне тыныштық нәсіп еткей”, – деп жазды Нұржан. 

Тағы оқыңыз: «Долларлап лақтырды... »: «Дикий Арманды» танымай кеткен жұлдыздардың қатарында кім бар

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталғанын жазған едік. 

Алматыда Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды.

Сот мәліметінше, 2016 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-департаменті басшысының орынбасары Руслан Искаков ұлттық қауіпсіздік органдарының қолдауына кепілдік беретінін айтқан. Осылайша Жұмагелдиевті серіктестікке көндірген. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow