«Жүріс жасаған»: Жазира Байырбекова күтпеген мәлімдеме жасады
Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы мәселемен бөлісіп, күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Белгілі болғандай, өнер иесінің бауыры Назира Байырбекова күйеуінің опасыздық жасағанын ашық айтып, мұндай жағдайда әйел өзін төмендетпеуі керектігін жазған.
«Өз құнын білетін, Өзін өзі бағалайтын, Шекарасы анық, Отбасын, Неке адалдығын құнды дүнием, бақытымның өзегі деп қарайтын әйелдер “Изменаны” кешірмейді. Олар 60, 70, 80 жаста болса да неке адалдығын бұзған адаммен бір шаңырақта тұрмайды. Олар ертең өлетін болып тұрса, ал бүгін сыңары көзіне шөп салса, бүгін ажырасады. Өмірінің соңғы күні болса да. Олар өзін ешкімнің қор қылуына жол бермейді. Қош бол, көңілдес іздеуден басқа өмірден мән таба алмаған адам!», – деді Назира Байырбекова.
Жазира Байырбекова бұл жазбаны өз парақшасында бөлісіп, отбасының бұзылуына себеп болған әйелдерге қатысты пікір білдірді. Әнші бауырының отбасындағы жағдайға қатысты ұстанымын қолдаған.
«Отбасын бұзған әйелдердің түрін инстаға шығарып, халыққа таныстырып тұратын парақша ашамыз ба? 4 баласы бар еркекпен жүріс жасап, осы әйел үшін бір отбасы ажырасып жатыр. 1 сағат тұрсын сосын алып тастаймын», – деп жазды өнер иесі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0