«Кетіңдер»: Белгілі журналист қабылеті бар жастарға елден біржола кетуге кеңес берді

Желтоқсан 19, 2024 - 12:44
Желтоқсан 19, 2024 - 14:15
«Кетіңдер»:  Белгілі журналист қабылеті бар жастарға елден біржола кетуге кеңес берді
Фото: видеодан скрин

Танымал журналист, қоғам белсендісі Дархан Әбдік елдегі жағдай жуық арада түзелмейтінін айтып, жастарға елден кетуге кеңес берді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист өз ойын «Dope soz» подкастында айтты.

«Қазіргі жастарға айтарым, кетіңдер дер едім, қабылеті барларға…Өйткені Қазақстан жуық арада оңалмайды. Мынау патриотизм, ұлтшылдық деген идеялардың барлығы тобырға манипуляция жасау үшін ойлап табылған нәрселер ғой. Баланы көп табу керек, санымыз көп болу керек деген. Олардың барлығы феодалдық дәуірде қалған нәрселер. Өйткені, феодал басшыларына бала не үшін керек? Әскер жасақтау үшін керек. Патриотизм деген адамдар патша бастаған соғысқа барып, тегін өле салу үшін», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow