Қандастардың ДНҚ құрамында қазақ геномы бар-жоғы тексеріледі

Комиссияда қандай да бір күмән туындаған жағдайда геномдық сараптама жүргізу қарастырылған.

Қаңтар 29, 2024 - 10:24
Қандастардың ДНҚ құрамында қазақ геномы бар-жоғы тексеріледі
depositphotos.com

Қазақстанға оралған азаматтардың қан құрамында "қазақ геномы" бар-жоғы тексерілуі мүмкін, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

“Қандас” дәрежесіне үміткерлерде ұлты көрсетілген құжат болмаса, ал әкімдікте қандай да бір күмән туындаса, сараптама тағайындалады, дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев. 

Ертаевтың айтуынша, осы мақсатта жергілікті әкімдіктер жанынан қандастардың ұлтын анықтайтын арнайы комиссия құрылмақ. 

"Комиссия құрамына жұмыспен қамту, білім беру, ішкі саясат және ішкі істер басқармаларының, ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері кіреді. Одан бөлек, ұлтты айқындау саласындағы профессорлар мен сарапшылар қатысады. Олар ұлтын растай алмаған әр азаматтың өтінішін ұжым болып қарап, оған қандас дәрежесін беруге бола ма деген мәселені шешеді", – деп түсіндірді Ертаев. 

Сондай-ақ шенеунік комиссияның жұмыс функциялары, азаматтармен сұхбаттасу тәртібі, яғни өз ұлтын растай алмайтын адамға қандай сұрақтар қоюға болатыны туралы ережелер әзірленгенін атап өтті. 

"Комиссияда қандай да бір күмән туындаған жағдайда геномдық сараптама жүргізу қарастырылған. Сараптама арқылы азаматтың қазақ ұлтына қатысы бар-жоғы анықталады", – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow