«Қазақ боксшылары өзбектерге жете алмайды»: тағы бір бапкер спорттағы былықтың бетін ашты
Олар ең аз дегенде 3-4 алтын алады.
Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бапкер Мұхит Амантаев қазақ боксшыларының Олимпиададағы көрсетіп жатқан нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеді.
”Біздің боксшылар созылып, лағып жүреді. Мінез жоқ. Бірінші раундтан бастап өзіңнің жеңіске деген құштарлығыңды көрсету керек. Сонда соңында лоторея сияқты күтпей, мен үш раунд бойы бокс көрсеттім деп, сенімді тұрасың. Бұйырмады дейсіңдер, қашан болады сонда? Келесі олимпиадаға сендер барасыңдар ма, бармайсыңдар ма. Ол үлкен сұрақ. Өзбек боксшылары өте мықты. Дәл мен ойлағандай әрекет етіп жатыр. Жұлқынады, ұрады, мінез көрсетеді. Олар ең аз дегенде 3-4 алтын алады. Екі боксшылары да екі дүркін олимпиада чемпионы болса, сендер өзбектерге жақын арада жете алмайсыңдар. Өзбектер озып кетті”, — дейді ол.
Caravan.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?