Ұлттық киім киген блогерді «Хан шатырға» кіргізбей қойды

Желтоқсан 15, 2024 - 12:31
Желтоқсан 15, 2024 - 14:52
Ұлттық киім киген блогерді «Хан шатырға» кіргізбей қойды

Қазақтың ұлттық киімін киген блогерді «Хан шатырға» кіруге тыйым салды , деп хабарлайды Orda.kz.

Желіде қазақтың ұлттық киімін киген қызға Хан шатырға кіруге тыйым салып жатқан бейнебаян тарады. Редакциямыз бейне авторы Қырмызы Жандоспен байланысқа шығып, оқиғаның анық-қанығын білді.

«Хан Шатыр алдына Тәуелсіздік күніне орай видео түсіруге барғанмын. Бәйтеректің, Ақ Орданың, мешіттің алдында , яғни Астаның көрікті деген жерлердің сыртынан түсірдім. Ешқандай кедергі болған жоқ. Кезек Хан Шатырға жеткен кезде, маған “болмайды” деді. “Меселе сіздің киіміңізде” деп жеткізді күзетші. Басында Хан шатырға кіру ойда да болмаған, бірақ бұндай жағдайдан кейін арнайы кіріп, сауда орталығын бір айналып шықтым.», дейді блогер Қырмызы Жандос.

Ойын-сауық орталығының әкімшілігі Қырмызыдан кешірім сұрап, желіде тараған бейнежазбаны өшіруді сұрады. 

@qyrmyzy_zhandos

♬ оригинальный звук - qyrmyzy_zhandos

Сонымен қатар, Instagram желісінде аты шулы видеоның астына «Хан Шатыр» сауда, ойын орталығының (СОО) әкімшілігі жағдайды түсіндіру мақсатымен пікір қалдырды7

«Хан Шатыр» аумағында кез келген түсірілімдерді өткізу үшін алдын ала Әкімшілікпен келісу қажет»,— делінген хабарламада

Алайда , рұқсат сұрайтындай блогерде кәсіби фото немесе видео түсіретін құрылғы болған жоқ. Видеоны басқа қонақтар секілді телефонына түсірген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow