Таудан тас құлап, бірнеше адам отырған көлікті басып қалды

Қайғылы оқиға Тақта-Қараша асуында болған.

Қараша 7, 2024 - 11:42
 0  65
Таудан тас құлап, бірнеше адам отырған көлікті басып қалды

Өзбекстанда таудан қойтас құлап, өтіп бара жатқан жеңіл көлікті басып қалған. Оқиға салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.  

Қашқадария облыстық ІІД жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға Тақта-Қараша асуында болған. 

 "6 қарашада сағат 15:45-те Қайнар ауылы маңындағы Ташкент-Термез тасжолын 1137-шақырымында, Тақта-Қараша асуында таудан тас құлауы салдарынан 3 адам қаза тапты. Олар Самарқанд қаласына бара жатқан Chevrolet көлігінің ішінде болған. Үш адам да оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0