️Тазыға берілген патент жарамсыз болып қалды

Наурыз 20, 2025 - 15:48
Наурыз 20, 2025 - 16:03
️Тазыға берілген патент жарамсыз болып қалды

Астанад соты "Қансонар" республикалық аңшылар қауымдастығы иеленген тазы ит тұқымына берілген патентті жарамсыз деп таныды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Себебі, тазы – ежелден келе жатқан қазақы ит тұқымы. Патенттеліп, арнайы құжат алу үшін тазының тұқымы жаңадан селекциялық жолмен алынған болуы тиіс екен.

Астана қаласының мамандандырылған экономикалық сотының хабарлауынша, 2024 жылдың соңында "Қансонар" қауымдастығы "қазақы тазы" ит тұқымы бойынша селекциялық жетістікке патент алған. Яғни қауымдастық баяғыдан бар тазы тұқымын өздері селекциялап шығардық деп, растайтын құжатқа ие болған.

Алайда Экология министрлігі мен "Қазақстан кинологтар одағы" бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінген.

Сот істі қарастырып, "тазы – ежелден келе жатқан қазақы ит тұқымы екенін және оған Қазақстан бұрыннан құқық иеленгенін анықтады. 2023 жылы Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) бұл шешімді ресми түрде бекіткен. Тазы – жаңа тұқым емес, сондықтан оны аңшылық қауымдастықтары жаңадан шығара алмайды" деген шешімге келген. 

"Қансонар" қауымдастығы алған патент оларға тазыны өсіру және сату бойынша ерекше құқық беріп, еліміздегі басқа да өсірушілерге бұл мүмкіндікті шектейтін еді. Бұл жағдай тазы тұқымының дамуы мен таралуына кедергі келтіріп, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" заңға қайшы деп танылды.
Сот аңшылар алған патентті жойды. Енді тазыға қатысты барлық құқық мемлекетке тиесілі", - делінген хабарламада.

Шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow