«Салафиттердің «крышасы» өте мықты» - журналист

Балаларыңды салафизмнен сақтаңдар, қысқасы. Телефондарын күніге тексеріңдер! Пәленше ұстаз, түгенше ұстаз дегендердің бәрін құртыңдар телефондарынан, содан басталады дінмен улану.

Наурыз 28, 2025 - 11:32
Наурыз 28, 2025 - 12:31
«Салафиттердің «крышасы» өте мықты» - журналист

Елде қазір қайтадан діни радикализм тақырыбы жиі көтеріле бастады ғой. Қазақстан туына арабтардың жазуын жазған салафит қыздардың әрекетін сынап жатырмыз (ақтап-жақтап жатқандар да аз емес). Оларды полиция ұстапты, енді ары кетсе айыппұлмен жазалайды, болды. Өйткені, салафиттердің "крышасы" өте мықты.

Осы салафизмнің қаншалықты қауіпті екенін тек осы ФБ-қолданушылары ғана емес, көптеген теолог жазып та, айтып та келді. Бірақ, біздің идеологтар, тіпті одан да жоғары отырған билік өкілдері қарсы ешқандай шара қолданған жоқ. Шара қолданғаны былай тұрсын, экс-президент әулетімен бірге қолдаған жоқ па?

Бүгін телеграм-каналдардың бірінде мына төмендегі фотодағы үш вахаббиттің бірінің анасымен сөйлескен аудиосы жарияланды. Үшеуі де Өзбекстаннан, БАӘ-ге барып еврей раввинін айуандықпен өлтірген екен. Енді өздері өлім жазасына кесіліпті. Сол жаңағы аудиодағы еркек анасына үкімді өз аузымен естіртіп жатыр. Анасының, қызының зарын естігенде енді қосылып жылағың келеді. Телефонда қоштасып тұр. "Жақындардың бәріне айтыңызшы, маған өкпе-реніш айтпасын, ана дүниеде ауыр болады" деп әңгімені аяқтады.
Міне, осылар өздерін мұсылманбыз деп жүрген адамдар және біздің елде де тура осы идеологиямен уланғандар өте көп.

Кешегі құрылтайда Тоқаев "жат идеология" деп жиі айтты да, бірақ нақты басын ашып ешнәрсе айтпады. "Жат идеология" дегені не сонда? Аты бар ма? Президент айтуы керек еді: "міне, мына діни ағым немесе діни ұстанып қате, дұрыс емес, бұл жолмен жүрмеңдер" деп. Мүфтиятымыздың түрі анау, Назарбаевтың кезінде "патша - Алланың жердегі көлеңкесі", "патшаға қарсы шығу - Аллаға қарсы шығу" деп уағыз айтып келді. Қазір "Жаңа Қазақстан" деген тақырыпты уағыздарына қоса бастапты. Бары сол енді. Сол үшін президент өзі айтса дегенім ғой...
Сосын, Біз осындай радикалдар төбе көрсетсе бірден КНБ-ны айыптаймыз ғой, "не қарап отыр мыналар" деп. ҰҚК-ның салафиттердің көбеюіне еш кінәсі де, қатысы да жоқ. Олар по факту ұстайды, жазалайды - болды.

Негізі мынадай жазба жазбас едім, анау өзбек әйелдің дауысы миымнан кетпей қойды жарты күн бойы. Балаларыңды салафизмнен сақтаңдар, қысқасы. Телефондарын күніге тексеріңдер! Пәленше ұстаз, түгенше ұстаз дегендердің бәрін құртыңдар телефондарынан, содан басталады дінмен улану. 

Журналист Серғали Балажанның facebook пaрaқшaсынан

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow