Тайландта қазақстандық туристер мінген катерде жарылыс болды

Катерде барлығы 31 адам болған.

Сәуір 1, 2025 - 15:35
chat_bubble  0 visibility  51
Тайландта қазақстандық туристер мінген катерде жарылыс болды

Тайландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға Таиландтың оңтүстігіндегі Пхукет провинциясында болған. Катерде барлығы 31 адам болған.

Оның ішінде қазақстандық және ресейлік туристер бар. Тайландтың туристік полициясының мәліметінше, борттағы 30 адам суға түсіп үлгерген.

Ал катерде қалып қойған бір ресейлік азаматтың аяғы күйген. Зардап шеккен адам жедел эвакуацияланып, қажет көмек көрсетілді.

Кейін туристер қонақ үйлеріне оралған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0