«Еркек көрсететін дүние емес»: Депутат Дәулет Мұқаев елге іш киімін көрсетіп мақтанды (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында үйіндегі киім жинаулы шкафын көрсетемін деп басы бәлеге қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Белгілі болғандай, депутат Дәулет Мұқаев өзінің іш киімін жеке сөрелерге салып, киім-кешегін рет-ретімен, тәртіппен жинайтынын жалпақ жұртқа жария қылған. Көпшілікке халық қалаулысының бұл қылығы ұнамаған.
"Ал шкафтарды ақтарсақ ақтарайық. Киімдердің барлығын осылай ретімен жинап қойғанды жақсы көремін. Жапондарда мұны кайдзен дейді. Әрине, мұнда барлығы жуылған, таза киімдер. Оның барлығын жуып-тазалап қоятын, менің әйелім", - деді депутат.
Желі қолданушылары да Мұқаевтың бұл әрекетіне ашулы. Олар түрлі сыни пікірлерін желіде жарыса жазып жатыр.
"Депутаттың көрсететін нәрсесі ме? Халыққа айтатын ештеңесі қалмаған соң, осыны көрсетіп жатыр. Бұл елде басқа мәселе жоқ қой", - деп жарыса жазды жұрт.
Сіздің реакцияңыз қандай?






