«Қыздар, отсыңдар»: Чемпиондардың биі желіні «жарып» жатыр (ВИДЕО)

Сербияның Ниш қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетті, деп жазады Sadaq.kz. Боксшыларымыз үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Осыған байланысты боксшы қыздар турнир аяқтала салысымен Түркияның чемпионы Бусеназ Сюрменелимен бірге чемпиондық би орындады.
«Әлем чемпиондарынан бір тренд. Бусеназ Сюрменели қазақ қыздарымен көп жылдан бері құрбы. Қазақ-түрік достығы», – деп жазды Қазақстан бокс федерациясы.
Жанкүйерлер де қолдап, «Тамаша, жеңіс құтты болсын», «Күшті, жарайсыңдар», деп жазып жатыр.
Айта кетейік, Сербияда өткен әлем чемпионаты 16 наурызда аяқталды. Бұл сында Назым Қызайбай Қазақстан тарихында алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанса, Алуа Балқыбекова өзінің алғашқы алтын жүлдесін иеленді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






