Тарихи жеңіс: Назым Қызайбай әлемнің үш дүркін чемпионы атанды
Назым қазақ боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанып, тарихқа енді.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол 48 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті. Қазақстандық боксшы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша Назым Қызайбай үшінші рет әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіс тұғырының биігіне көтерілген еді.
Сондай-ақ Алуа Балқыбекова Әлем чемпионы атанды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






