Мьянмада бір апталық аза тұту жарияланды

Наурыз 31, 2025 - 15:50
Мьянмада бір апталық аза тұту жарияланды

28 наурыз күні Мьянмада 7,7 баллдық жер сілкінісі болды. Табиғи апаттан қаза тапқандар саны 2000-нан асуына байланысты елде бір апталық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Елдің премьер-министрі Мин Аун Хлайн осындай мәлімдеме жасады. Жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардан бөлек, 3 мыңға жуық адам зардап шекті. 

Табиғи апат Мьянманың тұтас аудандарын қиратып, көршілес Тайландқа да әсер етті. Тайланда қаза тапқандар саны оннан асты. Мьянмадағы жер асты дүмпуі Бангладеш, Үндістан, Таиланд, Лаос және Қытайда да сезілді.

Мьянма билігі кез келген елден, кез келген ұйымнан гуманитарлық көмек сұрап, мәлімдеме жасады. Біріккен Ұлттар Ұйымы елдің орталық аймақтарындағы 23 мың зардап шеккен адамға шұғыл гуманитарлық көмек жіберді. АҚШ жергілікті ұйымдар арқылы көмекке 2 миллион доллар бөлетінін айтты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow