Тараздағы саябақтардың бірінде адамның мәйіті табылды

Мәйіт жергілікті саябақ маңындағы алаңда ағаштың түбінде жатқан.

Сәуір 1, 2025 - 14:58
Тараздағы саябақтардың бірінде адамның мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

Таразда тұрғыны басынан сау тамтық қалмаған ер адамның денесін тауып алды, деп хабарлады Sadaq.kz.

Мәйіт жергілікті саябақ маңындағы алаңда ағаштың түбінде жатқан. Ер адам басынан қатты жарақат алған. Полиция оның жеке басын анықтады.

«Полиция Тараз қаласындағы шағын аудандардың бірінде ер адамның мәйітін табу фактісіне сәйкес «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары күдіктіні іздестіріп жатыр. Желі қолданушылары марқұмның бір кездері құқық қорғау органдарында жұмыс істегенін жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow