Қамауда отырған Қоспаевтың мүлкін біреулер 2,2 млрд теңгеге сатып жібермек болған

Желтоқсан 12, 2024 - 10:45
Қамауда отырған Қоспаевтың мүлкін біреулер 2,2 млрд теңгеге сатып жібермек болған
orda.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Айдос Қоспаевқа Алматыдағы Никольский базары тиесілі болған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алайда бәзбіреулер тергеу барысында тыйым салынған мүлікті шетелдіктерге сатпақ болды.

Қаржы мониторингі агенттігі сот үкімі бойынша тәркіленген мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

«Осы жылдың қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеу жүзеге асырылып, шектеулер алынып тасталған. Биыл 5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген. Агенттік алаяқтық жасаған бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды» делінген агенттік хабарламасында.

Сондай-ақ жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow