10 адамның өмірін қиған жол апаты: кінәлі адамның жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды

Қыркүйек 16, 2025 - 09:27
 0  27
10 адамның өмірін қиған жол апаты: кінәлі адамның жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды
фото: видеодан скриншот

Жетісу облысында 10 адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі адамның жүргізуші куәлі болмаған. Бұл туралы жол қозғалысы мәселесі қаралған үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Үкіметтегі отырыста премьер-министр Олжас Бектенов демалыс күндері болған ірі екі жол апатын еске алды.

 "Жексенбіге қараған түні Қарағанды облысында 5 адам, ал Жетісу облысында 10 адам қаза тапты. Соңғы жағдайда апатқа кінәлі адам әлі жүргізуші куәлігін алмаған болып шықты", - деді Бектенов.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша "Nissan Cefiro-ның" жүргізушісі енді 18-ге толған. Көлікті өзі алып кеткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0