«15 мың еуро сұрасаң, клуб 20 мың береді, қалған 5 мыңды өзара бөліседі»: экс-футболшы Қазақстан футболындағы былықты әшкере етті

Қыркүйек 21, 2026 - 19:41
chat_bubble  0 visibility  1
«15 мың еуро сұрасаң, клуб 20 мың береді, қалған 5 мыңды өзара бөліседі»: экс-футболшы Қазақстан футболындағы былықты әшкере етті
Фото: kazfootball.kz

Франциялық футболшы Жереми Манзорро Қазақстанның клубтық футболындағы қаржылық заңбұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды sadaq.kz L’Equipe басылымына сілтеме жасап.

Экс-футболшының айтуынша, кейбір қазақстандық клубтардың басшылығы легионерлердің жалақысын әдейі көтеріп көрсетіп, айырмасын өзара бөліскен.

«Мысалы, сен айына 15 мың еуро сұрап, келісімшартқа қол қоюға келгенде, клуб саған 20 мың еуро ұсынады. Қосымша 5 мың еуро ұсталып, агентке, спорт директорына берілуі керек. Оны бәрі бөліседі. Әр клубқа жеті шетелдік ойыншы ұстауға рұқсат етілгендіктен, мақсат сол санға жетіп, осылайша сырттай ақша табу болды», – деді Манзорро.

Футболшының сөзінше, осындай схемаға қатысудан бас тартуы оның елордалық клубпен келісімшартының 2023 жылғы қаңтарда мерзімінен бұрын тоқтатылуына себеп болған.

«Мен олар үшін енді қызық болмадым, өйткені оларға қосымша табыс әкелмедім. Сондықтан кеттім», – деді ол.

Манзорро бұл тәжірибенің барлық клубқа тән екенін нақтылаған жоқ. Оның мәлімдемесінде жекелеген клубтар туралы айтылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0