«16 жылға сотталдым»: Madmen тобының әншісі жан сырын ақтарды

Мамыр 12, 2025 - 16:53
«16 жылға сотталдым»:  Madmen тобының әншісі жан сырын ақтарды

Танымал Q-pop әншісі, Mura лақап атымен танылған Алимұрат Ибраимов «Қабырға» YouTube арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Есірткі таратты деген айыппен сотталған Madmen тобының әншісі Алимұрат Ибраимов көпшілікке сырын ақтарды. Ол өзінің 16 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты. Әнші есірткі тасымалымен айналысқан. Қолға түсіп, сот үкімімен 16 жылға бас бостандығынан айырылған.

Әнші жастардың мұндай іс-әрекеттерге бармауын, шалыс басып қалмауын жеткізді.

«Соттан кейін пікір білдіруге мүмкіндік болмады. Иә, мойындаймын, мен де есірткі қолдандым, менің қателігім. Топтан менің ғана сотты болуымның себебі - біздің басшымыз болды, Руслан Хван, ол біздің топтың продюсері еді. Есірткі жасау ісімен Руслан достарымен айналысқан екен. Біз өзіміз қолданғанымыз болмаса, ту сыртымызда есірткі жасалып жатқанын білмеппіз де. Екеуміздің арамыз жақын еді, достық қарым-қатынаста. Телефонмен жиі сөйлесіп тұрдық «Мүмкін кездесерміз», «Бір жерге барып отырайық», деген сияқты жазбалар болды. Сондықтан мені соның бабына қосып жіберді»,-дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow