Премьер-министр Митталдың орнына 30 қарашаға дейін инвестор келетінін хабарлады

Қараша 1, 2023 - 19:46
Қараша 1, 2023 - 19:47
Премьер-министр Митталдың орнына 30 қарашаға дейін инвестор келетінін хабарлады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды шахтасындағы апатқа байланысты қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды sadaqmedia сайты.

Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін премьер-министр шамамен жарты сағаттай журналистердің сұрағына жауап берді. Үкімет басшысына "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Костенко шахтасындағы жарылыс, компанияның алдағы уақытта тағдыры не болатыны, кеншілердіғ айлығы, салық жөнінде бірнеше сұрақ қойылды. 

Премьер-министр АМТ-ны қай инвестор алатынын атамады. Келісім құпия екенін, 30 қарашаға дейін инвестордың аты аталатынын айтты. Смайылов сондай-ақ кеншілердің туған-туыстарынан кешірім сұрады.

"АрселорМиттал Теміртауға" бюджет қаражаты салынбайды. Алдағы үш жылда инвестор ол кәсіпорынға 3 млрд доллар инвестиция салуы керек. Оның 1,3 млрд долларын бірден салғаны талап етіледі, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow