19 жастағы астаналық жаңа туған сәбиін саудаға салған
Астанада жаңа туған баланы заңсыз беру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды,деп хабарлайды Sadaq.kz сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, 19 жастағы елорда тұрғыны делдалдардың көмегімен жүктіліктің сегізінші айында жалған суррогат ана болу шартын рәсімдеп, жаңа туған сәбиін ерлі-зайыпты жұпқа ақшаға берген.
2025 жылғы 23 мамырда сот әйел мен делдалдарды Қылмыстық кодекстің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша кінәлі деп таныды. Оларға пробациялық бақылаумен шартты түрде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қазір бала кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылған. Сондай-ақ сот шешімімен анасы ата-ана құқығынан айырылды.
Прокуратура балаларға қатысты заңсыз мәмілелер қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0